• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 07 Қаңтар, 2026

Жігіттер жарап тұр

30 рет
көрсетілді

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Жарыста еліміздің бірқатар былғары қолғап шебері алыс-жақын шет мемлекеттерден келген спортшылармен күш сынасты.

Турнирдің басты жекпе-жегінде еліміздің танымал боксшысы, жартылай ауыр салмақтағы WBA Asia нұсқасында алтын белбеу иегері Әли Ахме-дов (24-2, 17 КО) ганалық Де­лали Миледзимен (29-1-1, 22 КО) айқасты. Бә­секе басынан аяғына дейін жерлесіміздің ба­­сым­­дығымен өтті. Әли қарсыласын қуып жүріп сабады десе де болады. Алайда ауыр-ауыр соққылар алға­нына қара­мастан, Миледзи жекпе-жектің соңына дейін шы­дады. Нәтижесінде төре­ші­лердің шешіміне жү­гінуге тура келді. Қазы-л­ардың барлығы да жеңісті бірауыздан Ахме­довке берді.

Екінші жартылай же­ңіл сал­мақтағы Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО) армениялық Андраник Гри­горянмен (15-3-1, 4 КО) күш сынасуға тиіс еді. Алайда қарсыласы Алма­тыға келмеді. Оны дереу өзбекстандық Абдулло Қошқаровпен (6-0, 5 КО) алмастырды. Алайда көр­шілес елден келген бокс­шы бұл бәсекеге дайын болмай шықты. Сой­лыбаевтың жойқын соққыларына шыдамаған Қошқаров екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Қос саңлақтан бө­лек, Бауыржан Бек­мұрзаев, Кенже Мұрат­ұлы, Алек­сандр Коври­гин, Рамзан Саи­тов, Дамир Әбдіқа-дыр, Нұр­жан Серікбаев сынды жерлестеріміз де  жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар