• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2015

Ақтауда биыл мыңнан астам отбасы үшін пәтерлер салынады

267 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 24 ақпан. Биыл Ақтауда баспана кезегінде тұрғандар үшін 120 пәтерлі үш тұрғын үй, жас отбасылар үшін 60 пәтерден тұратын екі тұрғын үй кешені және азаматтардың барлық санатына арналған көп пәтерлі бес үй салу жоспарланған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақтауда баспана құрылысы республикалық бюджет және бюджеттік несие қаражаты есебінен жүргізіледі. Бұл жұмыстар үшін биыл 4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 3-ші шағын ауданда орналасқан 15 апатты үйдің де мәселесі шешіліп, жыл соңына таман мыңнан астам отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Ақтау қаласының әкімі Е.Жаңбыршиннің айтуынша, биыл апатты үйлерді сүру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру аясында тұрғын үй салу бағдарламасы іске қосылмақ. Ақтаудағы апатты деп танылған үйлердің жалпы аумағы – 7,9 мың шаршы метрді құрайды. Алдағы 6 жылда 370 пәтердің тұрғындары жаңа баспанаға қоныс аударады. – Ақтау қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өндірістік-қойма нысандары, көрме орталығы мен тағы дабасқа нысандар орналасқан индустриялды аймақ ашылады. Қазір өнеркәсіптік аймақты жоспарлау жобасы әзірленуде, дейді Ақтау қаласының әкімі. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: el.kz.