• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2015

9 жасында 90-дағы қариядай

456 рет
көрсетілді

Ерте қартаю сырқатына ұшыраған Нұржан Өркешбаевтың үйлену тойы өтті. Қызылқоға ауданының Мұқыр ауыл­дық округінде тұратын Нұржан Өркешбаевтың ерте қартаю синдромына ұшырағаны 2000 жылы анықталған еді. Содан бері оның тағдыры көпшіліктің көз алдында өтіп келеді. Оған прогерия (терінің ерте қартаюы) сырқаты деген диагноз қойылған соң бірнеше рет ем қабылдады. Тіпті, оған 2011 жыл­дың аяғында «Ниссамед» емханасында 2 кезеңнен тұратын кешенді космето­логиялық операция жасалды. Жақында, дәлірек айтқанда, 7 тамызда Нұржан Өркешбаев Әсемгүл есімді аруға үйленіп, шаңырақ көтерді. Үйлену тойы Нұржанның ата-анасы тұратын Мұқыр ауылында өтті. Тойға шақырылған 300-ге жуық қонақтың арасында ресейлік «Пусть говорят» бағдарламасының жүргізушісі Андрей Малаховқа да шақыру билеті жіберілген еді. Өйткені, бұдан 4 жылдай бұрын Нұржан Өркешбаев аталған телебағдарлама хабарына қатысты. Сол кезде бағдарлама жүргізушісі Андрей Малахов оның үйлену тойына келуге уәде берген болатын. Ресейлік тележүргізуші қазақ баласының тойына келе алған жоқ. Дәл осы уақытта шетелде демалыста жүрген ол жас отау иелеріне арнайы сыйлық жолдайтынын хабарлапты. Атырау облысы.