• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2015

Тамызда алма ағашы гүлдеді

682 рет
көрсетілді

Алматының «Таугүл» шағын ауданында тұратын Пансатбек қажы Райымбек ақсақалдың бақшасында алма гүлдеді... Көктемде гүл ашқан жаздық алма жемісін салып, оны әулет адамдары жеп тауысқан сәтте алма ағашының қайтадан гүлдегені, тіпті, көпшілік үшін күтпеген оқиға болды. – Мұндай бақшадағы құбылысты өз басым бірінші рет кездестіріп отырғаным жоқ, – дейді 83 жастағы қарт. – Ілгеріректе, бұдан 10-15 жыл бұрын да бір алма ағашы бір жылда екі рет гүлдегені бар. Бірақ, жеміс бермеген еді. Алматыда күннің қызуы шілденің басындағыдай әлі де қайтар емес. Оқта-текте құйындатып мезгілсіз жел соққаны болмаса, қаланың баяғы...жауып, басылып тұратын  ақ жауыны жоқ. Жерге тамшы түспегелі де айға жуықтап қалды. Күннің ерекше ыстығы қарияның бау-бақшасына осындай бір қызық құбылыс сыйлады. Төбесінен ыстық, табанынан су кетпеген алма ағашы осылайша қайталай бүр жарған секілді. – Жаздың соңғы айының алғашқы онкүндігінде қайта гүлдеген жеміс ағашы күздік тұқымдарымен қатарласып жеміс те беріп қалуы мүмкін, – дейді ақсақал. Расында да, бүгінде ауа райы да, табиғат та оқыстан құбылып қоятынды шығарды. Сондықтан да адамдар үшін ешнәрсе де таңсық болмай барады. Оның бірден-бір куәсі Пансатбек атаның бақшасындағы алма ағаштың бір жазда екінші қайтара  гүлдегені... Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. Суретте: зейнеткер Пансатбек қария бақшасында.