• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2015

Петропавлда емхана басшысы қызметінен босатылатын болды

232 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 24 ақпан. Солтүстік Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесінің кезекті отырысында қалалық балалар емханасының бас дәрігерін қызметінен алу жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тәртіптік кеңеске балалар емханасының басшысы Ольга Әшімованы жауапкершілікке тарту мәселесін прокуратура органы түсірген. 56 адам қол қойған шағымда бас дәрігердің маңайына туыстарын, тамыр-таныстарын жинап алып, кәсіби шеберліктері жетіспесе де, бірқатар артықшылықтар жасаған. Мәселен, қыздары мен күйеу балаларын «жылы-жұмсаққа» орап, мекеме ішінен екі буфет ашып берген. Басқа да бұра тартушылықтар орын алған. О.Әшімованың сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнамаларды өрескел бұзғанын, қызмет бабын асыра пайдаланғанын тәртіптік кеңес мүшелері жеріне жеткізе айтып, прокуратураның ұсынысын қолдады. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz. Сурет: infoportal.kz.