• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2015

Зарина Дияс WTA рейтингінде 31-сатыға көтерілді

196 рет
көрсетілді

АСТАНА, 24 ақпан. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке разрядтың жаңартылған рейтингінде 31-сатыға көтерілді. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады. Бір апта ішінде Дияс екі сатыға жоғары көтерілді. Ол әзірге рейтингте Қазақстанның үздік өкілі болып тұр. Бұдан басқа, бірінші жүздікте 53-орындағы Ярослава Шведова бар. Ал екінші жүздіктегі жерлесіміз Юлия Путинцева бір сатыға төмендеп, 111-орынға сырғыды. Жеке разрядта рейтингіні америкалық Серена Уильямс бастап келеді. Екінші орын бұрынғысынша ресейлік Мария Шарапованың еншісінде болса, үшінші орынға румын Симона Халеп қайта оралды. Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар