ПЕТРОПАВЛ. 24 ақпан. Павлодар қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден өткен ел біріншілігінде Солтүстік Қазақстан өңірінің өкілдері тамаша табыстарға жетті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық додаға құрамында 100-ге тарта спортшы бар 8 команда қатысып, сайыстың қорытындысында солтүстікқазақстандықтар 7 медаль еншіледі. Атап айтқанда, Иван Русаков пен Виталий Делль батутта секіруден, Мария Топорищева акробаттық жолақта секіруден жеңімпаз атанды. Елизавета Мец (акробаттық жолақ) пен Олег Ремигайло (акробаттық жолақ) екінші, үшінші орындарды иеленді.
Солтүстікқазақстандықтар жалпыкомандалық есепте де үздіктер қатарынан көрінді. Акробаттық жолақта секіру бағдарламасында қыздарымыз да, ұлдарымыз да чемпиондық тұғырға көтерілді.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазастан облыстық дене шынқтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Сурет: «ҚазАқпарат».