• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2015

Сыр өңірінде құрылыс қарқынды жүріп жатыр

283 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 тамыз. Биыл Қызылорда облысында 83 нысан пайдалануға берілмек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артық. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қызылорда облысы құрылыс салу қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты. Бүгінде білім беру саласы бойынша 24 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның 20-сы ел игілігіне беріледі. Сонымен қатар, осы жылы жетім балаларға қамқорлық жасау мақсатында «Балалар ауылы» пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау саласы бойынша 6 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 3-і жыл соңында ашылады. Мәдениет саласы бойынша биыл 7 ауылдық клуб, кітапхана және мұражайдың құрылысы жүргізілуде. Спорт саласына келсек, жыл соңына дейін ипподромның және Бокс орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, қаладағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы қайта жаңғыртылады. Бұған қоса, биыл Илья Ильин атындағы ауыр атлетика халықаралық орталығы мен 3 мың орындық жабық футбол манежінің құрылысы басталады. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: diapazon.kz.
Соңғы жаңалықтар