АСТАНА. 24 ақпан. Танзанияның шығысында мектептегі сыныптарына қашып тығылған төрт оқушы мен мұғалімнің үстеріне найзағай түсіп, өмірлерін қиып кетті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Қайғылы оқиға елдің шығысындағы Кигома аймағында орын алған. Бұдан басқа, тағы 17 бала найзағайдың сыныпқа түсуінен зардап шекті.
«Ньякасанда елді мекенінде мектеп сыныбына түскен жасын мұғалім мен төрт оқушыны табанда мерт қылды», - деп хабарлады Франс Пресс агенттігіне мұғалім Уильям Литухи.
Мұрат Айтқожа.