АСТАНА. 24 наурыз. АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтының мамандары адамның миын компьютермен қосуға болатын құралды ойлап шығарды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Құрылғы адамның басындағы таңдалған аймаққа қосылатын арнайы өте жіңішке талшықтан тұрады. Талшықтар келіп түсетін белгілерді компьютерге жібереді. Мамандар сол арқылы мида өтіп жататын процестерді зерттеуге, ал болашақта Паркинсон ауруымен күресуге үміттеніп отыр. Бұл дерт – ересек адамдарда кездесетін созылмалы ауру. Ғалымдардың айтуынша, ол орталық жүйке жүйесінің немесе мидың нейрондарының бүлініп не өліп қалуынан пайда болады.
Енді ғалымдар әлгі құрылғының көмегімен сал болған адамдар аяқ-қолдарын басқара алады деп есептейді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».