АСТАНА. 24 наурыз. Ұлыбритания ғалымдары осыдан 220 миллион жыл бұрын тіршілік еткен алып қос мекендінің сүйегін тапты. Бұл туралы rivas.ru хабарлады.
Табылған сүйекті Эдинбург ғалымдары metoposaurus algarvensis деп атады. Метопозаврдың дене бітімі өте ірі болған. Қазіргі кездегі саламандр мен тритонға ұқсас жануар балықпен қоректенген. Сондықтан зерттеушілер жыртқыштар санатына жатқызып отыр.
Ежелгі жануардың сүйегі Португалияның Алгарви аймағынан табылған. Негізінен кеуіп кеткен теңіз орындарынан табылуда. Метопозаврлар осыдан 200 миллион жыл бұрын, динозаврлар дәуірі басталға тұста жойылып кеткен.
Еламан Қоңыр.
Дерек: riasv.ru.
Сурет: theguardian.com.