• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Шілде, 2010

БІЗ БІРГЕ БОЛУҒА МІНДЕТТІМІЗ!

495 рет
көрсетілді

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “Қазақстан ардагерлері” қауымдастығының атынан 70 жасқа толған мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Құрметпен,

генерал-лейтенант Бақытжан ЕРТАЕВ, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “Қазақстан ардагерлері” қауымдастығының төрағасы, Халық Қаһарманы. Осы уақытқа дейін ауғандық жауынгерлер Сіздің бастамаңыз бен ұстанымдарыңызды қолдап келді және алдағы уақытта да қолдайды деп нақты айта аламын. Біз, ауғандық жауынгерлер, сұм соғыстың қан майданын өз көзімізбен көрдік. Сіздің салиқалы саясатыңыздың арқасында біздің ел мұндай қантөгістен аулақ. Біздің де тілегеніміз осы. Тәуелсіз мемлекетіміздің басына береке мен ынтымақты орнатуға сіңірген қыруар еңбегіңіз үшін Сізге алғыс білдіреміз. Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға бақыт тілейміз. Өзіңіз халыққа Жолдауыңызда айтқандай, саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Біз бірге болуға міндеттіміз! Өйткені біз соғыс көрдік, адам өмірінің қаншалықты қымбат екеніне көзімізді жеткіздік. Қару ұстағанның қары сынсын, жамандық ойлағанның жүзі күйсін! Біз бейбіт өмірді жақтаймыз! Біз Сізбен біргеміз!