АСТАНА. 24 наурыз. Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың сайтына сілтеме жасаған egemen,kz хабарлады.
Жеделхатта ұшақ апаты салдарынан Испания азаматтарының қаза болғандығы туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың терең күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Елбасы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Испания Короліне, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша испан халқына көңіл айтты.