• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №309

417 рет
көрсетілді

2015 жылғы 18 мамыр,  Астана қаласы «12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 339 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 28-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 339 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 21 шілдеде № 4824 тіркелген, «Заң газетінде» 2007 жылғы 5 қыркүйекте № 135 (1164) тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін; 2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр А.СӘРІНЖІПОВ.