• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2015

Шығыс Қазақстанда жемқорлыққа қарсы бірлескен жобалар жүзеге асырылады

192 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 24 ақпан. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өңірдегі білім беру, ішкі саясат, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, денсаулық сақтау басқармаларымен сындарлы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жобалар агенттік басшылығының тапсырмасына сәйкес, жергілікті жерлердегі атқарушы органдармен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай келісілген саясатын жүргізу, оған халықты барынша қатыстыру мақсатында бекітілді. Бірлескен жобалар аясында бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту және жүйелі проблемаларды анықтау, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін заңсыз тексеруге жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалады. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау және тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың призмасы арқылы мақсатты топтар үшін ағартушылық жұмыстарды арнайы оқыту бағдарламаларын іске асыра отырып жүргізу қарастырылған. Сондай-ақ саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени және діни бірлестіктер, құқық қорғау ұйымдары, кәсіподақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми және шығармашылық қоғамдар, қоғамдық пікір жетекшілерімен бірлескен ынтымақтастық жұмыстар жүргізіледі. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: mednorma.ru.