• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2015

Министрлік шеңберіндегі арнайы жұмыс тобы

282 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде жариялаған бес институттық реформасын және Қазақстан қоғамы мен мемлекетті әрі қарай жаңғыртуды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың тапсырмасымен министрліктің Жаңғырту жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылды.

Арнайы жұмыс тобының негізгі мақсаты – мемлекетті жаңғыртуға қажетті шетелдік тәжірибені зерттеу. Топтың жұмысын жалпы үй­лестіру министрдің бірінші орын­ба­сары Рәпіл Жошыбаевқа жүк­телді. Елбасы өз сөзінде атап өт­кен­дей, қазіргі уақытта әлемдегі ахуал күрделене түсуде. Әлемдік нарықтарда қуат көздері мен металл бағаларының құлдырауы экономикалық тәуекелдерді күрт ұлғайтып жіберді. Барлық дерлік мемлекеттер елеулі геосаяси және экономикалық сын-қатерлерді бас­тан өткеруде. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты Қа­зақ­станның экономикалық тәуе­келдерге қояр тосқауылы болды. Әлемнің бүкіл елдері алдында тұрған тәуекелдер мен жаһандық сындардың жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстан Президенті сыртқы факторлардың мемлекет құрылысына ықпалының теріс сценарийіне жол бермеу, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау, әлемнің 30 дамыған мемлекетіне қарай ілгерілеу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды жүзеге асыру Сыртқы істер министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Министрлік шетелдердегі өкілдіктеріне тиісті жұмыстарды ілгерілету туралы тапсырмалар берді.

«Егемен-ақпарат».