• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

Бюджет жобасына – оң көзқарас

226 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның төрайымдық етуімен фракцияның жиналысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Онда «2015-2017 жылдарға арналған республи­калық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы  қаралды. Жиналыстың жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаттары, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің өкілдері қатысты. Фракция жетекшісі Д.Назарбаева «Экономикалық прагматизм және әлеуметтік жауапкершілік бюджет туралы заң жобасының негізіне алынғанын» атап көрсетті. Заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов, Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Төлеген Ибраев, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат Егор Каппель сөз сөйлеп, Елбасының тапсырмаларына сәйкес жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшері бекітілген деңгейде сақталатынын  мәлімдеді. Жиналыс қорытындысы бойынша Үкіметтің бюджет туралы заң жобасын қолдау жөнінде шешім қабылданды.