Ресей астанасы Мәскеуде академиялық ескек есуден «65-шы Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2000 метр қашықтықта JM2 санатындағы жұптық сында бақ сынаған Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев 06:50.25 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші орын иеленді. Бұл бағдарламада күміс және қола жүлделер ресейлік спортшыларға бұйырды.
Сондай-ақ кеше ересектер арасында отандастарымыз Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев жұбы жеңіл салмақтағы 2000 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, аталған додаға 6 елден 447 спортшы қатысуда.