АСТАНА. 25 наурыз. Украина президенті Петр Порошенко Днепропетровск облысы губернаторы Игорь Коломойскийдің өзін облыстық мемлекеттік әкімшілік лауазымынан отставкаға жіберу жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы «Укринформ» хабарлады.
«Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа олардың бір-бірімен кездескен кездерінде қол қойды», - делінген президенттің баспасөз қызметінің парақшасынды.
Петр Порошенко Днепр өңірінің Украинаның шығысындағы сенімді қорғаныс шебі болып қала беруі керек екенін атап өтті. «Бейбіт өмірді, тұрақтылықты және тыныштықты қалпына келтіруіміз керек. Днепр өңірі Шығыс Украинадағы бастион болып қала береді, ол тұрғындардың бейбітшілігі мен тыныштығын қорғайды», - деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, енді Днепропетровск облысы мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы қызметіне Валентин Резниченко уақытша тағайындалатын болады.
Мұрат Айтқожа.
Мәнбе, сурет: Укринформ..