• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2015

Гагаузиядағы сайлаудың ресми қорытындысы жарияланды

253 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 наурыз. Молдова мемлекетінің құрамындағы Гагаузия автономиялы құрылымы башканын сайлаудың ресми қорытындысы шығарылды. Ол өзін өзі ұсынған Ирина Влахтың 50 пайыздан жоғары дауыс алып, әкімшілік-территориялық аймақтың басшысы болғанын мәлім етті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Жергілікті орталық сайлау комиссиясының басшысы Валентин Кара жаңа басшының сөзсіз жеңіске жеткенін хабарлады. «Хаттамаларды 100 пайыздық өңдеуден өткізгеннен кейін Ирина Влах 53,21% (35 мың 343 адам) дауыс жинады. Оның бәсекелесі Николай Дудогло бар болғаны 18,20% (12 мың 86 адам) дауыс алды. Үшінші орындағые Валерий Яниогло 7,65% (5 мың 80 адам) дауысқа ие болды», - деді В.Кара. Бұған дейін башкан болып келген Михаил Формузал жеңімпазға құттықтау жолдады. Гагаузияның орталық сайлау комиссиясы мұның алдында сайлауға қатысқан сайлаушылар нәтижелерін жариялаған еді. Ол 58,10 %-ды құрайды. Сайлау жексенбі күні өткен еді. Автономияның башканы лауазымына мұнда 10 үміткер таласты. Атап өту керек, Молдова билігі Гагаузиядағы сайлаудың қорытындысына алаңдап отыр. Ондағылар жаңа басшылықтың Молдова арқылы батысқа иек артудың орнына Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға күш салмақшы болып отырғанын оншалықты қолдай қоймайды. Мұрат Айтқожа.