• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Шілде, 2010

АВТОМАТ АСЫНЫП, ТАПАНША ТАҒЫП ШЕКАРА АСЫП ЖҮР

641 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы ІІД ұйымдас­­қан қылмысқа қарсы күрес бас­қар­масының қызметкерлері қолына жол сөмке ұстаған Қырғыз Рес­пуб­ликасының тұрғынын тексеру барысында, одан Калашников автоматын, Макаров тапаншасын, магазині мен ұңғысына дыбыс тұншықтырғыш орнатылған ПСН тапаншасын, әртүрлі калибрлі 55 оқ дәрілерін тәркіледі. Жедел іс-шара ІІД бастығы, по­лиция полковнигі Бекет Ай­ма­ғам­бетовтың жеке қадағалауымен өткі­зілді. Өйткені, атыс қаруларын ал­ып өтпек болған күдіктіні тұтқын­дау бойынша арнайы операция екі аптаға созылды. Аса қырағылықты талап ететін осы жауапты күндері жамбылдық полицейлер ҚР ҰҚК 2035 әскери бөлімінің шекара­шы­ларымен бірге шекара бұзушы өтуі мүмкін аймақты бірлесіп күзеткен. Ақыры Меркі ауданындағы Грани­то­горск бекеті маңындағы су бөге­ті­нен өтпекші болған Қырғыз Рес­публикасы Шу облысының тұрғы­ны қолға түсті. Шекара бұзушының айтуынша, Александровка ауылы­ның белгісіз екі азаматы оған қаруы бар сөмкені бес мың сомға (шамамен 15 мың теңге) өткізіп беруді өтінген. Қазіргі таңда 63 жастағы күдікті қамауда отыр. Ол тиісінше қаруды заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны немесе қаруды алып жүргені және оны кедендік шекарадан өткізгені үшін ҚР ҚК 250 және 251-баптары бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.