Атырау облысында былтыр 974 адамның жоғалғаны туралы дерек тіркелген. Оның ішінде кәмелетке толмаған 509 жасөспірім бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстарды ашумен қатар, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіру бағытындағы жұмысты бақылауда ұстайды.
Алматы облысында өткен жылы жоғалған студент әлі табылмады
«Өткен жылы Атырау облысының аумағында хабар-ошарсыз кеткен адамдарға қатысты 974 хабарлама тіркелді. Оның ішінде 509 дерек кәмелетке толмағандарға қатысты екені анықталды. Жедел-іздестіру және алдын алу шараларының нәтижесінде 971 азаматтың жүрген жері анықталып, табылды», деп хабардар етті департаменттің баспасөз қызметі.
Ал биылғы жыл басынан бері із-түзсіз жоғалғандарға қатысты 47 хабарлама тіркеліп отыр. Осы кезге дейін 45 адамның жүрген жері анықталған.
Атырауда 9 қаңтарда жоғалған ер адамның мәйіті Жайықтан табылды