• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Елордада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

10 рет
көрсетілді

Астанада жергілікті фермерлер мен өзге өңірлерден келген тауар өндірушілердің қатысуымен кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара отандық өндірушілерді қолдауға және қала тұрғындарын қолжетімді бағамен жаңа піскен өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жәрмеңке екі күн – 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында орналасқан Keryen Joly сауда орталығында өтіп жатыр.

Келушілерге өнімнің кең ассортименті ұсынылған: көкөністер мен жеміс-жидектер, ет және ет өнімдері, сүт және ұн өнімдері, жаңа піскен нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да тауарлар.

Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді

Қатысушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер қыс мезгілінде ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін де, қала тұрғындары үшін де аса маңызды.

«Жаңа жылға дейінгі алты апта ішінде мен шамамен 400 бас жабағы саттым. Жәрмеңкенің біз үшін басты пайдасы – қыс мезгілінде жем-шөп пен шөпке кететін шығынды едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Ал қала тұрғындары экологиялық таза отандық өнімді делдалсыз, тікелей сатып алады. Бұл тұрғындар үшін де, кәсіпкерлер мен фермерлер үшін де тиімді», деді Жарқын есімді фермер.

Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс орнатуға арналған қолайлы алаң екенін атап өтті.

«Біздің жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барлық жағдай жасалған. Олар ет, картоп және басқа да өнімдерді делдалсыз, тікелей сатады. Бұл бағаның қала тұрғындары үшін айтарлықтай қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Халқымыз етті өте жақсы көреді, сондықтан тұрғындар жәрмеңкеге таңертеңнен бастап келеді. Ең алдымен ет, көкөніс, жеміс-жидек, ұн мен күріш сатып алады. Сонымен қатар табиғи сүт өнімдеріне – қолдың сүтіне, айран мен шұбатқа, қымыз бен құртқа сұраныс жоғары. Жұрт жәрмеңкеге ауылдың таза етін, қазысы мен құртын қолжетімді бағада алу үшін келеді», деді Keryen Joly СОО директоры және жәрмеңке ұйымдастырушысы Айтуған Күзербаев.

Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

Соңғы жаңалықтар