Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты. Ел астанасы – Исламабадта Қасым-Жомарт Тоқаев құрметіне плакаттар ілініп, салтанатты шеру ұйымдастырылды. Бұл Қазақстан Президентіне көрсетілген ғизат-құрмет.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігін талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан − Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарда бар.