АСТАНА. 26 наурыз. Украина президенті Петр Порошенко кеше түнде Киевтің Борисполь аэропортында АҚШ әскери-көлік ұшағымен жеткізілген армияға арналған жолсыз жердің көліктерін жеке барып күтіп алды. Бұл туралы Вести.Ru хабарлады.
Украина президентінің баспасөз хатшысы Святослав Цеголконың Twitter-дегі өз аккаунтына жазған хабарламасына сүйеніп, ақпар таратқан агенттік Американың Humvee әскери көліктеріне Порошенконың қатты қуанғанын баяндайды.
«Президент алғашқы 10 Humvee көлігін өзі күтіп алды. Бұлар өте күшті және біздің армиямыз үшін өте пайдалы машиналар екен», - деп атап өтеді Цеголко.
Америка броневиктерінің жанында сөз сөйлеген украин президенті АҚШ-тың Ресейді басқыншы ретінде танығаны үшін Вашингтонның жеке өзіне алғыс айтты.
«Украинаның президенті ретінде, бас қолбасшы ретінде Украина халқының атынан АҚШ-қа Донбастағы шиеленісті ретке келтіру тұрғысында жүйелі және қатаң позиция ұстағаны үшін алғыс айтқым келеді. Қырымды басып алған, Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарында тікелей әскери агрессия жүргізіп отырған Ресейді басқыншы ретінде танығаны, біздің АҚШ-тағы достарымыздың бастамашылдығы мен санкция мәселесіндегі табандылығы үшін», - деп мәлімдеді Порошенко түннің жарымында броневиктердің қалқасында тұрып.
Мұрат Айтқожа.
Мәнбе, сурет: LifeNews.