• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Шілде, 2010

БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ – ЖАРИЯЛЫЛЫҚ

640 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында сот өндірісіне кең жариялылық беруді көздейтін бағдарламаның тұсауы кесілді. Бұдан тұрғындар сот істеріне қатысты ақпарат-анықтамалармен егжей-тегжейлі таныса алады. Яғни,  облыстық соттың веб-сайты арқылы кез келген адам сот өндірісіне түскен істердің қаралатын мерзімін, қорытынды құжаттар мен іс қаулыларын сотқа келмей-ақ интернет желісі арқылы танысып отырмақ. – Аталған бағдарламаның бұған дейінгі тәжірибемен салыстыра қарағанда үш түрлі ар­тық­шылығын атап көрсетуге болады. Біріншіден, бұл қағазбастылықты азайтып, сот қызметкерлері­нің жұмысын әжептәуір жеңілдетеді. Екіншіден, шалғай аудан тұрғындары өздеріне қажетті ақпарат алу үшін текке жол шығыны мен азабын тарт­пайды. Ең бастысы – жаңа бағдарлама арқылы сот істерінің ашықтығы мен жариялылығына жол ашы­лып отыр, – деп мәлімдеді газет тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Амангелді Шахин. Сондай-ақ, облыстық сот ғимаратының бірінші қабатына қойылған ғаламтор байланысы арқылы да азаматтар өздеріне қажетті ақпараттарды таба алады. Темір ҚҰСАЙЫН,  ОРАЛ.