Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) «Актив Ломбард» ісі бойынша тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Тергеу барысында Сергей Койнов пен оған қатысы бар бірқатар тұлғаларға заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру күдігі тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінде комиссиондық дүкен ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы заңсыз микрокредит беру схемасы әшкереленген.
Заңсыз микронесие беру схемасы анықталдыТергеу дерегіне сәйкес, «Актив Ломбард» желісінің иесі Сергей Койнов жеке тұлғаларға комиссиондық қызмет көрсеткендей етіп, шын мәнінде микронесиелер берген. Қызметтің заңды көрінуі үшін ол өзіне тиесілі «Актив Ломбард» ЖШС-ін, сондай-ақ сенімді тұлғалар атына тіркелген бірнеше серіктес компанияны пайдаланған. Атап айтқанда:
«One Billion Sales» ЖШС; «The Best Seller» ЖШС; «Shark in Sales» ЖШС.Аталған ұйымдар «Актив Маркет» бірыңғай брендімен жұмыс істеп, мүлікті кепілге ала отырып, шамадан тыс жоғары пайызбен микронесиелер берген. Комиссиондық бөлімшелер «Актив Ломбард» филиалдарымен бір ғимаратта орналасып, клиенттерге бір қызметкерлер қызмет көрсеткен.
Ақтөбеде зергер тұтынушылардың бұйымдарын ломбардқа өткізіп жіберген
Миллиондаған келісімшарт және кірісҚМА мәліметінше, клиенттермен жасалған комиссиялық шарттар жалған әрі формалды сипатта болған. Орташа сыйақы мөлшерлемесі тәулігіне 1,73-2,07% құраған, бұл заңда белгіленген шекті мөлшерден (0,3%) шамамен бес есе жоғары. Нәтижесінде 1,9 миллионнан астам келісімшарт жасалған және қылмыстық жолмен алынған табыс 19 млрд теңгеден асқан.
Кірістерді заңдастыру тетігі әшкерелендіТергеу нұсқасы бойынша, Койнов табыстың шығу көзін жасыру үшін көпдеңгейлі заңдастыру схемасын қолданған. Ол компаниялармен жалған келісімшарттар жасап, қаражатты бірнеше банк шоты арқылы айналдырып, кейін 5 млрд теңгеден астам соманы дивиденд ретінде шығарған.
Сонымен қатар Койнов «Zeus Co» ЖШС-ін тіркеп, бағдарламалық қамтамасыз ету қызметі көрсетілгендей етіп, бағасы қолдан өсірілген келісімдер жасаған. Соның нәтижесінде компания шотына 2,5 млрд теңге түскен, оның 2,2 млрд теңгесі Койновқа дивиденд ретінде аударылған.
Сот санкциясымен жалпы құны 8,9 млрд теңгені құрайтын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде:
Астанадағы 4 пәтер мен 2 тұрғын үй; БАӘ-дегі 4 апартамент; 6 қымбат автокөлік (Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga V8, Range Rover Sport); Банктік депозиттердегі 2,7 млрд теңге.Сергей Койнов қамауға алынды. Тағы төрт адамға қатысты елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Ломбардтан алған қарыз несие тарихына әсер ететіні рас па?
Бұған дейін агенттік «Актив Маркет» ісі бойынша жәбірленушілерге пайыз төлемеуге болатынын, бұл үшін ҚМА-ға жүгіну қажет екенін хабарлаған.