• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Ақтөбеде әйел мен үш бала газдан уланып қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш баланың мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 9 ақпанда Алматы ауданында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұмдар газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан уланып қаза тапқан. Алайда оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Уәкілетті органдармен бірлесіп, тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Таразда анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді

Құқық қорғау органдары да тергеу амалдарын бастады.

Облыс әкімдігі қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ марқұмдарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, материалдық және әлеуметтік қолдау ұсынылатыны хабарланды.

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Соңғы жаңалықтар