• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 11:42

Үкімет ірі жер иеленушілерге қандай талап қойды?

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде салада терең өңдеуге басымдық берілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Терең өңдеу – экспортқа жол

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу – экономиканы әртараптандырудың негізгі тетіктерінің бірі. Осы бағытта биыл Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған ірі өнеркәсіптік парк іске қосылмақ. Аталған жоба Қазақстанға треонин мен глутамат өндіру арқылы әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Премьер-министрдің айтуынша, жаңа зауыт жыл сайын 3 млн тонна жүгеріге тұрақты сұраныс қалыптастырады. Қазіргі таңда ел бойынша өндірілетін жүгері көлемі шамамен 1 млн тонна ғана.

«Бір ғана ірі зауыттың іске қосылуы нарық құрылымын түбегейлі өзгертіп, агроөндірістің жекелеген бағыттарының дамуына қуатты серпін береді», деді Олжас Бектенов.

Жаңа кәсіпорындар мен мемлекеттік қолдау

Үкіметтің дерегінше, 2025 жылы майлы дақылдарды, жүнді, ет пен сүтті терең өңдеуге, сондай-ақ құрама жем мен шырын өндіруге бағытталған 6 кәсіпорын іске қосылған. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп кешенінде тағы 10 зауыттың құрылысы жүріп жатыр.

Терең өңдеу жобаларын ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау тетіктері күшейтілді. Атап айтқанда, астықты өңдеуге арналған инвестициялық субсидиялар 50 %-ға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар жабдықты импорттауға және негізгі қызмет түрлері бойынша бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Геологиялық барлау жұмыстарына 500 млн доллар инвестиция салынады

Мал шаруашылығындағы түйткілдер

Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенінде шешімін күткен мәселелер де бар. Инвестиция мен заманауи агротехнологиялар егіншілікте өнімділікті арттырғанымен, мал шаруашылығы бұл тұрғыда кенже қалып отыр. Саладағы өсім 2-3 %-дан аспайды. Бұл ішкі нарықты толық қамтуға, өңдеуді дамытуға және экспортты ұлғайтуға кедергі келтіреді. Ветеринария, ғылыми сүйемелдеу мен кадрлық қамтамасыз ету бағыттарында да проблемалар жеткілікті.

Тағы бір өзекті мәселе – ауылдағы маусымдық жұмыс. Кейбір ірі жер пайдаланушылар тек науқан кезінде ғана еңбекке сұраныс тудырып, қалған уақытта ауыл тұрғындары жұмыссыз қалады. Осыған байланысты 10 000 гектардан астам жерді иеленген кәсіпкерлерге мал шаруашылығын міндетті түрде дамыту талабы қойылды. Бұл талап орындалмаған жағдайда, жерді қайтарып алу тетіктерін қоса алғанда, тиісті шаралар қабылданады.

Ел экономикасына 58 млрд доллардан астам қаржы тартылды

Кешенді жоспар және әлеуметтік қолдау

Үкімет әзірлеген Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда асыл тұқымды мал сатып алуға жеңілдетілген несие беру, малшылардың балаларына білім гранттарын ұсыну, жасанды ұрықтандырудың заманауи технологияларын енгізу және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шаралары қамтылған.

Аталған бастамалар агроөнеркәсіп кешеніндегі терең өңдеуді кеңейтіп қана қоймай, ауылдағы өмір сапасын арттыруға, тұрақты жұмыспен қамтуға және саланың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?

Соңғы жаңалықтар