Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы шеңберінде 2010 жылы 8-9 шілдеде Душанбе қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Абдулло Юлдашевтың арасында сыртқы істер министрліктері аралық консультациялары өтті.Консультациялар барысында тараптар Қазақстанның Ұйымға төрағалығына арналған ШЫҰ негізгі басымдықтары және Қазақстан бастамашысы болған көпжақты сипатқа ие және Ұйымның түрлі саладағы негізгі іс-шараларын айқындайтын ШЫҰ-ның 2010-2011 жылдарға арналған Іс-әрекеттер жоспарын талқылады. Сондай-ақ, Ұйымға мүше мемлекеттердің Қырғызстанға көмек көрсету мүмкіндігі туралы пікір алмасылды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.