• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Ақпан, 2026

Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды

20 рет
көрсетілді

2026 жыл 14 ақпанда Алматы облысында республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы (Достық шекара өткелі)» автожолында боран салдарынан жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бүгін сағат 13:30 шамасында Көктума елді мекені маңында 5 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттан алты адам түрлі дәрежеде жарақат алып, Алакөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде жол учаскесі қолайсыз ауа райына байланысты жабық болған. Шектеу 13 ақпанда сағат 12:00-де енгізіліп, синоптиктер болжамына сәйкес 17 ақпан сағат 09:00-де ашылуы жоспарланған еді.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктер бір бағытта қозғалған кезінде соқтығысқан. Апатқа қатысушылар полиция бекеттерін елемей, жабық жолдың ортасына шығып кеткен.

Сонымен қатар, құтқару қызметтері жолда қар құрсауында қалған 12 автокөлікті шығарды және 9 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.

Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Соңғы жаңалықтар