• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:47

Шымкентте креативті индустриядан түскен салық көлемі 500 млн теңгеге артты

10 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында креативті индустрия мен туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Креативті индустрия қауымдастығының төрайымы Жанна Елтанова бұл сала тек шығармашылық қана емес, экономика үшін де жаңа мүмкіндіктер алаңы екенін жеткізді. Осыған байланысты кәсіпкерлерді креативті индустрия бағытында күш біріктіруге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Өз кезегінде бизнес өкілдері аталған саланы дамытудың жолдарын ұсынды. Олардың пікірінше қолөнершілердің бірлескен жобалары қолға алынып, қаланың өзіндік бренді қалыптасуы керек.

Креативті индустрия туралы заң қаралды

Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов нақты көрсеткіштер мен жүзеге асып жатқан жобаларға тоқталып, Шымкентте 2 439 азамат креативті индустрия саласында кәсібін дөңгелетіп отырғанын мәлімдеді.

«Саладағы кәсіпкерлерден түскен салық көлемі 4,8 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 500 млн теңгеге артқан. 2025 жылы ашылған «Shymkent Creative Hub» креативті хабында қолөнерші, дизайнер, зергерлер және суретшілер мен киностудиялар белсенді жұмыс атқарып, 141 іс-шара ұйымдастырды. Сонымен қатар қалада жәрмеңке, байқау, форумдар мен көрмелер өткізіліп, креативті өнімдерді нарыққа шығаруға және одан пайда табуға жағдай жасалып жатыр. Ал биыл креативті индустрия кәсіпкерлері арасында мегаполистің дамуына арналған қысқаметражды фильмдер байқауын өткізу жоспарда бар», деді Б.Әділханов.

Жиында сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Креативті индустрия қорының» қызметі туралы да ақпарат берілді. Қор аясында креаторлардың бірыңғай цифрлы тізілімі әзірленіп, 2026 жылдан бастап арнайы платформа арқылы жобаларды іріктеу мен қаржыландыру тетіктері іске қосылмақ. Жалпы Қор тарапынан қолдауды тек ресми тіркелген креаторлар ғана ала алады. 

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Соңғы жаңалықтар