• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:21

Әуе билетіндегі қате жазылған деректер қандай жағдайда тегін түзетіледі?

0 рет
көрсетілді

Бас көлік прокуратурасы азаматтардың өтініштерін талдау барысында әуе билеттерін рәсімдеу кезінде тегінде, есімінде және әкесінің атында кеткен елеусіз қателер үшін көптеген айыппұлдар салынғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылы «Qazaq Air» АҚ (қазіргі – Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы 3 815 жолаушының деректерін түзеткен, олардың басым бөлігі екі әріпке дейінгі қателер екені белгілі болды.

Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

Әйгілі әуе компаниясы бортта гаджет пайдалануға тыйым салды

Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылдың басынан бастап аты-жөніндегі екі әріпке дейінгі қателерді тегін түзетудің жаңа тәртібі енгізілді.

Бас көлік прокуратурасы әуе жолаушыларының құқықтарын қорғау және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Маңғыстаулық студент ұшақ бортында жолаушыға жәрдемдесті

Соңғы жаңалықтар