• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Банк Бүгін, 12:23

«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады

20 рет
көрсетілді

«Отбасы банк» салымшыларына тиесілі мемлекеттік сыйлықақы биыл да толық көлемде төленбек. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мемлекеттің бұл бағыттағы барлық міндеттемелері өзгеріссіз орындалатынын растады. Бюджет қаражаты есебінен бөлінетін үстеме қаржы салымшылардың шоттарына биылғы жылдың 1 наурызында аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыйлықақы мөлшері – жинақталған соманың 20%-ын құрайды. Алайда есептеу 200 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі сомаға ғана жүргізіледі. Егер одан көп қаражат жиналса, артық бөлігіне үстеме есептелмейді.

Мысалы, өткен жылы салымшы 786 400 теңге (200 АЕК) жинаса, оған 157 280 теңге көлемінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі.

«Отбасы банк» зейнетақы қаржысына көз емдеуге тыйым салды

Сыйлыақы алудың негізгі шарттары:

Егер 200 АЕК-тен аз жинасаңыз, 20% тек нақты жиналған сомаға есептеледі;

Жыл бойы депозит толықтырылмаған жағдайда сыйлықақы берілмейді;

Бір адамның бірнеше депозиті болса, сыйлықақы тек бір ғана шотқа аударылады.

Депозит тұрақты түрде толықтырылып отырса, бағалау көрсеткіші (БК) өседі. Ал бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, салымшының жылдық мөлшерлемесі 3,5-5% аралығындағы тұрғын үй қарызына қол жеткізу мүмкіндігі соғұрлым артады. Бірақ мұндай несие алу үшін депозит мерзімі кемінде 3 жыл болуы керек.

Облигация әлде депозит: Жинақты қайда сақтаған тиімді?

Айта кетейік, бұған дейін бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін мемлекеттік сыйлықақыны банктің өзіне төлеу ұсынылған еді. Алайда кейін бұл бастамадан бас тартылды.

Соңғы жаңалықтар