• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 16:02

Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды

50 рет
көрсетілді

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында емделіп жатқандардың арасында қызылша жұқтырған 290 науқас бар. Науқастардың 86 пайызы – вакцина алмаған балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған емдеу орнының дәрігері Нұрфия Қизатованың айтуына қарағанда, инфекцияның таралуына бірнеше фактор әсер етеді. Соның бірі – иммунитеттің төмендеуі, ал екіншісі – арнайы вакцинаны мезгілінде алмау.

«Вакцина уақытылы егілсе, қызылшаны осынша адам жұқтырмас еді. Қазір облыстық инфекциялық ауруханада 290 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 137 емделушінің қызылша ауруын жұқтырғаны зертханалық талдау кезінде расталды. Қызылша жұқтырған науқастардың 86 пайызы жоспарланған вакцинаны мезгілінде салдырмаған балалар болып отыр», дейді Нұрфия Қизатова.

Дәрігердің пікірінше, қызылшадан қорғанудың ең тиімді тәсілі – вакцина салдыру.

Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті

«Біз ата-аналарға балаларына уақытында екпе салдыруды ескертеміз. Ата-аналар вакцина салдыру арқылы баласын ғана емес, отбасындағы, айналасында адамдарды да қорғайтынын түсінуі керек. Қызылшаға қарсы салынатын вакцина бірден 3 аурудан қорғайды. Бұл – қызылша, эпидемиялық паротит және қызамық ауруы. Кейбір ата-аналар екпе салдарынан церебралды сал ауруы немесе эпилепсия пайда болуы мүмкін деп қауіптенеді. Бірақ вакцинаның мұндай ауруларға еш қатысы жоқ», дейді Нұрфия Қизатова.

Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір эпидемиологиялық ахуал бақылауға алынған. Осы кезге дейін 671 балаға вакцина егілген.

Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді

Соңғы жаңалықтар