• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Олимпиада 17 Ақпан, 2026

Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

10 рет
көрсетілді

Қазақстан спортшысы Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Отандасымыз тұғырдан секіру нәтижесі бойынша 35-орынға жайғасты. Шаңғы жарысында спортшы дәл осы орыннан, көшбасшыдан 4 минут 6 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шықты.

Нәтижесінде Ракпаров 32-орында мәреге жетіп, жеңімпаздан 7 минут 57 секундқа артта қалды.

Норвегиялық Енс Лурос Офтебру екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Австриялық Йоханнес Лампартер екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті финляндиялық Илькка Херола түйіндеді.

 Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Соңғы жаңалықтар