• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:02

Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті

10 рет
көрсетілді

Желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы Қонаев қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылданды. Бұған дейін нысан «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның теңгерімінде болған, деп жазады Egemen.kz.

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалаудағы 2 гектар аумақты алып жатқан орталық мемлекеттік активтер және сатып алу бөліміне өтеусіз берілді. Теңгерімдік құны – 31 649 000 теңге. 

Бүгінде Қонаевта желкенді қайық спорт түрін дамыту жоспарланған. Бұл мақсатта екі жол қарастырылған: бірі – бюджет есебінен нысанды жаңғырту болса, екіншісі – инвесторларды тарту арқылы жұмысты жандандырып, ғимаратты жаңалау. Қазіргі таңда инвесторлардан 5 түрлі жоба түскен.

Қонаев қаласы қарқынды дамып келеді

Қала әкімі Асхат Бердіханов мәселелерді талқылау бағытында инвесторлармен және спортпен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті.

«Біздің мақсат – балалардың спортпен шұғылдануына ыңғайлы жағдай жасау. Бұған дейін көңіл бөлінбей қалғаны жасырын емес. Желкенді қайық спорты – Қонаев қаласының айнасы болуға лайық спорт түрлерінің бірі», деді ол.

Жиын қорытындысында шаһар басшысы осы түйткілді бақылауға алуды әкім аппаратына тапсырды.

Қонаевта жол жағдайы жақсарды ма?

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар