• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Ақпан, 2026

Қай өңірлерде жолдар жабық тұр?

20 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірқатар республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысы уақытша шектелгенін хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Жабық жолдар

Батыс Қазақстан облысы

• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым бекеті)» автожолының 195-246-шақырымы (Сырым бекеті – жол полициясы бекеті);

• «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 189-375-шақырымы (Чапаев ауылы – Атырау облысы шекарасы);

• «Атырау – Орал – РФ шекарасы» автожолының 375-492-шақырымы (Чапаев ауылы – Орал қаласы);

• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым бекеті)» автожолының 273-526-шақырымы (Барбастау ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы).

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым бекеті)» автожолының 526-610-шақырымы (БҚО шекарасы – Қобда ауылы);

• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым бекеті)» автожолының 610-702-шақырымы (Қобда ауылы – Маржанбұлақ ауылы);

• «РФ шекарасы (Жайсан бекеті) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы бекеті)» автожолының 0-77-шақырымы (Жайсан бекеті – «Эко Ойл» жанармай құю бекеті);

• «Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет бекеті)» автожолының 39-136-шақырымы (Ш. Қалдаяқов ауылы – Әлімбет шекара бекеті);

• «РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы)» автожолының 776-965-шақырымы (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);

• Осы жолдың 965-1240-шақырымы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы);

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолының 11-104-шақырымы (Ақтөбе қаласы – Қандыағаш);

• Осы жолдың 104-337-шақырымы (Қандыағаш – Атырау облысы шекарасы).

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылды

Атырау облысы

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолының 337-346-шақырымы (Ақтөбе облысы шекарасы – Сағыз ауылы);

• «Атырау – Орал – РФ шекарасы» автожолының 178-189-шақырымы (Индер ауылы – БҚО шекарасы).

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы)» автожолының 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Сонымен қатар Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

«-35 және +15 градус»: Ақпанда ауа райы қандай болады

Сондай-ақ сағат 09:00-де кейбір республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс ашылды:

Абай облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – «Рубеж» бекеті).

Соңғы жаңалықтар