• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

0 рет
көрсетілді

Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпия ойындары аяқталуға жақын. Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров Олимпиаданың алтын медалін алып, ел мерейін асырды. Өкінішке қарай, өзге саңлақтарға ақ аламанның медалі бұйырмай тұр. Күні кеше әйелдер арасындағы сайыста айдынға шыққан Софья Самоделькина үздік ондыққа еніп, шеберлігімен тәнті етті. Шорт-тректен жүлде алады деп үміт артқан Денис Никиша 7-орынды місе тұтты.

Сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетіп жатқан Анна Данилина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Кеше олар Людмила Киченок (Украина) пен Дезире Кравчикті (АҚШ) 6:1, 4:6, 10:6 есебімен қапы қалдырды. Енді олар Габриэла Дабровски (Канада)/Луиза Стефани (Бразилия), Джулиана Олмос (Мексика)/Джессика Пегула (АҚШ) жұптары арасындағы бәсекенің жеңімпазымен кездеседі. Ертең Германияның Инцелль қаласында конькиден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңдік сайы­сы басталады. Бұл бәсекеде ел намысын Кристина Шумекова, Алина Шумекова, Варвара Глухова, Анастасия Беловодова, Вадим Чебардаков, Михаил Бровко, Михаил Матрюхин, Денис Мезенцев, Руслан Жанәділов, Алина Дауранова, Мария Деген, Инесса Шумекова, Дарья Важенина, Абылайхан Қайырғазы, Дмитрий Осипенко, Азамат Сәтқожа, Андрей Семёнов қорғайды. Футболдан еліміз чемпионатының Бірінші лигасында биыл 14 команда күш сынасады. Олар – «Тараз», «Тұран» (Түркістан), «Шахтер» (Қарағанды), «Жайық» (Орал), «Арыс», «Екібастұз», «Хан тәңірі» (Алматы), «Оңтүстік академиясы» (Шымкент), «Қайрат М» (Алматы), «Ақтөбе М», «Елімай М» (Семей), «Тобыл М» (Қостанай), «Каспий М» (Ақтау), «Астана М». Жарыс қорытындысында алғашқы екі орынды иеленген ұжым келесі маусымда Премьер-лигада күш сынасу мүмкіндігіне ие болады. Бүгін Бакуде батутты гимнастикадан Әлем кубогінің тұсауы кесіледі. Жарыста ұлттық командамыздың бапкерлері Даниил Мұсабаев, Роман Барков, Никита Тумаков, Ерлан Тасмағамбетов сынды шәкірттеріне сенім артып отыр. 
Соңғы жаңалықтар