• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Ақпан, 2026

Қарағанды облысында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

20 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы криминалды полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағының қолдауымен пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұсталды. Олар алдын ала ойластырылған қылмыстық схема бойынша әрекет еткен.

«Күдіктілер Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне металл қоршауды, пластик терезені бұзып, заңсыз кірген. Содан алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлер (шамамен 40 атау), күзен тон және ноутбукты ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 20 миллион теңгеден асып отыр», деп хабарлады полиция. 

Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласында пәтер ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. 

Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Соңғы жаңалықтар