• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
10 Шілде, 2010

ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

505 рет
көрсетілді

Кеше Ішкі істер министрлігінде Қазақстан полициясының оң имиджін нығайтуға қосып жүр­ген үлестері үшін бір топ журналист ІІМ грамо­тасымен, “Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін” омырау белгісімен марапат­талды. Оны журналистерге Ішкі істер министрі­нің орынбасары Александр Кулинич табыстады. Ішкі істер органдарының басым бағыттары­ның бірі халықтың полицияға деген сенімін жоғарылату болып табылады. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің өз қызметін атқаруы барысында конституциялық құқықтары мен азаматтардың бостандығын сақтау. Бұл басым бағыттар бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз және қоғамсыз жүзеге аспайтын­дығы белгілі. Осы орайда журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Қазақстан полициясының оң имиджін нығайтуға қосқан үлесі, елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мақалалар сериясын кәсіби деңгейде ұйымдастырғаны үшін бірқатар республикалық басылым журналистерін грамоталармен марапаттау жөнінде бұйрық шығарған болатын. “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда”, “Известия”, “Панорама”, “Экспресс К”, тағы да басқа газет тілшілері құрмет қағазына ие болса, “Хабар” агенттігі” АҚ басқармасының төрайымы Гүлнар Ықсанова “Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі” үшін омырау белгісіне ие болды. Марапаттау соңында Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич журналистерге шығармашылық табыс тіледі. Венера ТҮГЕЛБАЙ.