• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Ақпан, 2026

Павлодарда көктайғақ салдарынан 150-ден астам адам жарақат алған

20 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы жарақат бөлімшесіне күніне 60 адам жүгінеді. Олардың тең жартысы – көктайғақтан зардап шеккендер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апта ортасында жауған жаңбырдың соңы аязға ұласып, Павлодардың көшелерін көк мұз басты. Салдарынан қалада жалтыр мұзда тайып жығылып, жарақат алып жатқандар саны арта түскен.

Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

№2 қалалық аурухананың жарақат бөлімшесіне тәулігіне  шамамен 60 адам жүгінеді. Оның тең жартысы көктайғаққа байланысты. Соңғы бес тәулікте жалпы саны 150 адам медициналық көмекке жүгінген. Ал кейінгі екі күнде 50-ден астам адамда сүйектің сынуы тіркелген.  Оның алтауы ауруханаға жатқызылды.

Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

«Көп жағдайда адамдар тобық сүйегінің, қол сүйегінің сынуымен және буын жарақаттарымен келеді. Барлығы дерлік көшеде тайып құлағандар. Қабылдауға келген кезде тексеру жүргізіледі. Егер сүйек сынуы анықталса, науқас ауруханаға жатқызылады. Қажетті ем-дом көрсетіледі. Мәселен екі күн бұрын 1990 жылы туған қыз Алматы қаласынан туыстарына қонаққа келген. Көшеде тайып құлап, екі тобығын сындырған», дейді Павлодар қалалық №1 ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Дәурен Смағұлов.

Ski Patrol қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған екі адамды аман алып қалды

Соңғы жаңалықтар