• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:23

Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?

20 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар ұшқыш қызмет етеді. 3656 әскери бөлімінің ұшқышы, әуе кемесінің командирі Хабиболла Берікболсын тоғызыншы сыныптан бастап ұшақ тізгіндеген, деп жазады Egemen.kz.

Хабиболла Берікболсын Астана қаласындағы ұшқыштарды даярлайтын оқу-техникалық мектебінде оқып, кейін білім жолын Алматыдағы Азаматтық авиация академиясында жалғастырған. Сондай-ақ ол Латвия, Литва және Эстония, Германия, Испания сынды мемлекеттерде тағылымдамадан өткен.

«Аспан қателікті кешірмейді. Ол сенен тәртіпті, сабырды және толық дайындықты талап етеді. Әрбір көкке көтерілу бұрынғыдан да мұқият болуға үйретеді. Ұшақ кабинасына отырған сәттен бастап сен ұшақпен бір тұтас механизмге айналасың», дейді Хабиболла Берікболсын.

Арнайы жасақ жауынгері: Қазақстан әскери құрылымының дайындығы жоғары деңгейде екенін дәлелдедік

Тәжірибелі ұшқыш Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі кезінде Президент тапсырмасын орындауға атсалысқан. 3656 әскери бөлімінің авиациялық экипажы құрамында алты рет апат аймақтарына гуманитарлық көмек жеткізген. Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, ол төтенше жағдайда көрсеткен батылдығының арқасында «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Ұлттық ұлан мен «Аналар жүрегі»: Әскердегі бақылау қалай өзгереді?

Айта кетейік, 3656 әскери бөлімі құрылғаннан бері 100 мыңнан астам адам мен 8 миллион тоннадан астам жүкті тасымалдаған. Хабиболла Берікболсын сынды Ұлттық ұлан сапындағы ұшқыштар ел сенімін абыроймен ақтап, мемлекеттің әуе қалқанының беріктігін күн сайын дәлелдеп келеді.

Ұлттық ұлан сарбазы 7 тілді жетік меңгерген

Соңғы жаңалықтар