• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 12:40

Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, өңірлерді цифрлық дамыту мен «ақылды қалалар» стандарттарын енгізуді негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Бұл бастама ел аумағында заманауи технологияларды кеңінен қолдануға жаңа серпін беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысы цифрлық трансформация бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. 2025 жылы өңірдегі автокөлік құрастыру зауыттарында, тау-кен өндірісі мен машина жасау кәсіпорындарында 101 өнеркәсіптік робот орнатылды. Бұрын енгізілген жүйелерді қоса есептегенде, қазіргі таңда өндірісте 145 роботтандырылған кешен жұмыс істеп тұр. Мұндай технологияда өндіріс тиімділігін арттыруға, технологиялық үдерістердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Робот-полиция

Қостанай облысы әкімдігі информатизация, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиевтің айтуынша, өңір алдында тұрған басты міндет – жекелеген цифрлық жобалармен шектелмей, Smart Region қағидатына негізделген кешенді цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру.

«Smart Region және цифрлық инфрақұрылымды дамытудың жүйелі тәсілін қалыптастыру арқылы  цифрлық трансформацияның нақты нәтижесін көріп отырмыз. Бұл өнеркәсіптегі үдерістерді автоматтандыру, әлеуметтік салада цифрлық сервистерді дамыту және басқару тиімділігін арттыру үшін деректерді пайдалануға мүмкіндік береді. Негізгі назарды өңір экономикасына өлшенетін нәтиже беретін және тұрғындардың өмір сапасын жақсартатын шешімдерге аударамыз», деді ол.

2025 жылдың жазында өткен Qostanai Investment Forum алаңында цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні енгізу және жоғары технологиялық жобаларды дамыту мәселелері талқыланды. Форум қатысушылары инвестиция тарту тетіктерін және облыс экономикасына инновациялық шешімдерді енгізу жолдарын қарастырды.

«Figure AI» бүкіл денені басқаратын робот миын таныстырды

Бүгінде облыста агроөнеркәсіп кешенінде, көлік инфрақұрылымында және денсаулық сақтау саласында цифрлық шешімдер белсенді енгізіліп жатыр. Бұл жобалар басқару сапасын арттыруға және шешім қабылдау барысында деректерге негізделген тәсілді кеңінен қолдануға бағытталған.

Алдағы кезеңде өңірдің басты мақсаты – сәтті цифрлық тәжірибелерді ауқымдап, экономиканың негізгі салалары мен әлеуметтік секторға жасанды интеллект құралдарын жүйелі түрде енгізу.

Соңғы жаңалықтар