• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:51

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті

0 рет
көрсетілді

Құқық қорғау органдары Маңғыстау облысында онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікпен Рантик Бахтияр Оглыны тергеп жатыр. Тергеуге сәйкес, «bingo37.pro» платформасы арқылы мыңнан астам құмар ойын түріне, оның ішінде «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» және басқа да танымал ойындарға қолжетімділік берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ойыншылар Telegram және WhatsApp арқылы тартылған, оларға жарнамалық және бейнематериалдар, акциялар мен бонустар ұсынылып, қаражат аударғаннан кейін платформаға кіру логині мен құпиясөзі берілген.

Қаражат ағынын жасыру үшін күдікті Грузия мен Тәжікстан азаматтарын – дроперлерді пайдаланған. Олар Қазақстанда банк шоттары мен абоненттік нөмірлерді тіркеп, кейін қолжетімділікті ұйымдастырушыға берген. Нәтижесінде дроперлердің атына тіркелген шоттарға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Заңсыз казино ұйымдастырушылардан 420 млн теңгенің мүлкі тәркіленді

Сондай-ақ екі автокөлік – PORSCHE CAYENNE және LEXUS GX 460 сот шешімімен мемлекет кірісіне тәркіленді.

Тергеу ісі жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар