• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:45

Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды

10 рет
көрсетілді

Түркістан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті бөлшек саудадағы әуе отыны нарығын тексеріп, заңсыз әрекеттерді анықтады. Анықталғандай, әуежай кәсіпкерлерден қосымша төлем талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеру нәтижесінде «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ нарықтағы үстем жағдайын пайдаланып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерден әуежай аумағында қызмет көрсету құқығы үшін заңсыз алым өндіріп келгені анықталды.

583 млн теңгеден астам залал: Түркістанда мектеп қаржысын жымқырған 14 адам сотталды

Әуежайға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

«Түркістан қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», деп хабарлады агенттік өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамағаны үшін айыппұл салынды. Сот әуежайға 2,16 млн теңге көлемінде айыппұл салғанымен, терминалдарды жабу туралы шешім қабылдамаған, себебі бұл әлеуметтік-экономикалық дағдарыс туғызуы мүмкін еді.

«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды

Соңғы жаңалықтар