• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2015

Президент Нұрлан Қаппаровтың отбасына көңіл айтты

286 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 наурыз. Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Қаппаровтың кенеттен қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Жеделхатта ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Н.Қаппаров жастар арасынан дараланып шыққан кәсіпкер ретінде танылғаны атап өтілген. Ол әр жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ президенті, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы болды, сондай-ақ басқа да жауапты лауазымдарда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды. «Н.Қаппаров өзінің мол білімі мен тәжірибесін әрдайым еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсаған дарынды ұйымдастырушы болды. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды», – делінген жеделхатта. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: akorda.kz.
Соңғы жаңалықтар