Көктемгі егін егу жұмыстарын сапалы жүргізу үшін Үкімет диқандарға арнап дизель отынының бағасын нарықтық бағадан 15%-ға төмен етіп бекітті. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің назарын көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының шекті жеңілдікті бағасын уақтылы бекіту қажеттігіне аударды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін шекті баға нарықтық бағадан 15%-ға төмен бекітілгенін баяндады.
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Ведомствоның мәліметінше, биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін егу науқанына берген электрондық өтінімдері негізінде 402 мың тонна мөлшерінде жеңілдікті дизель отынының көлемі дайыналған.
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді