ШЫМКЕНТ. 13 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында бөгде біреудің екі жасар баласын кеудесінен ұрған әйел сот жүзінде жаза алды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық соты Қылмыстық кодекстің 109-бабы бойынша айып тағылған сотталушы Нарымбетоваға қатысты қылмыстық істі қарады», - делінген хабарламада.
Істі қарау барысында сотталушы Нарымбетованың 2015 жылғы 23 наурызда жеке айыптаушы Бекмановамен болған ұрыс кезінде оған өз басының жек көре қарауы салдарынан екі жасар ұлын кеудесінен бір рет ұрып жібереді. Бұл сотта Бекманованың баласына қатты ауырсыну әкелумен бірге, оның денсаулығына залал келтіретін әрекет ретінде бағаланды.
Сондықтан соттың үкімімен сотталушы аталған қылмыстық іс үшін айыпты деп табылды. Оған 30 ең төменгі айлық көлемінде, яғни 60 мың теңгеге жуық ақшаның айыппұлы салынды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz.