• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:05

Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді

20 рет
көрсетілді

Атырау полицейлері АИТВ инфекциясымен арнайы медициналық есепке алынған 23 және 28 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар былтырғы желтоқсаннан бері транс тұлға ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетіп келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілерді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Атырауда интернет-дүкеннен есірткі сатқан күдіктілер қамауға алынды

«Аталған күдіктілерге қатысты басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру – ауыр қылмыс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекет үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір тергеу амалын жүргізу басталды. Жәбірленушілер анықталып жатыр», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Атырауда сот шешімімен мінезі шәлкес 20 адамға ерекше талап белгіленді

Соңғы жаңалықтар